RU

Джонни Депптің 16 жастағы қызы Chanel-дің "бет-әлпетіне" айналды

Атақты әртіс Джонни Депп және әнші Ванесса Парадидің 16 жастағы қызы Лили-Роуз Депп жарнама бизнесіне аяқ басты. Бойжеткен Chanel фирмасының көзілдіріктерін жарнамалайтын болды деп жазады informing.ru.

Жалпы бұл туралы ой осы брендтің креатив жөнінен директоры Карл Лагерфельдке келген екен.

Лили-Роуздің көктемде өткен Chanel сән көрсетіліміндегі алғашқы қадамдарын көрген ол Депптің қызына көзілдірік жарнамасына түсу туралы бірден ұсыныс жасапты.

Осы ретте сән әлемінің талай жұлдызымен серіктес болған Лагерфельд былай депті: "Лили-Роуз - өте керемет жан. Ол жас әрі қазіргі заманның адамы. Оның бойында танымал болу үшін керекті қасиеттердің бәрі бар".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/822486-dzhonni-depptinh-16-zhastaghy-qyzy-chanel-firmasy.html