RU

ШҚО тұрғыны өзеннің жанынан танкіге қарсы мина тапты

ШҚО-ның Ұлан ауданына қарасты Асубұлақ ауылындағы Тайынты өзенінің маңайынан жергілікті тұрғын жарылғыш затқа ұқсайтын зат тауып алды.

Полиция бөліміне жеткізілген затты арнайы зерттеу барысында мұның оқу-жаттығуға арналған ТМ-62 танкіге қарсы минасы екені анықталды. Саперлік рота залалсыздандыру үшін минаны 2743 әскери бөліміне алып кетті.

Қауіпсіздік шараларына полиция, төтенше жағдайлар және әскери бөлімнен барлығы 26 адам, 7 техника бірлігі жұмылдырылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/822569-shqo-da-ozen-manhynan-tankige-qarsy-mina.html