Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Не себепті Киото әлемнің ең көрікті қаласы саналады: 23 фотодәйек (фото)

Опубликовано:

Travel + Leisure қоры жақында мыңдаған оқырмандары арасында "Әлем бойынша ең үздік" атты сауалнама жүргізіп, көркі жағынан көш бастаған мекендерді анықтады. Осы жылда қатарынан екінші рет саяхатшылардың таңдауы Жапонияның Киото қаласына түсіп тұр.

Киото 1000 жыл бойы Жапонияның мәдени астанасы болып келеді. Қалада көптеген саябақтар, базарлар мен ғибадатханалар бар. Киотоның екі рет әлемнің ең көрікті қаласы атануының себебін айқындайтын фотоларды bigpicture.ru сайты назарларыңызға ұсынады.

Киотода көздің жауын алатын ғибадатханалар көп. Мәселен Бёдо-ин — ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енген буддистер ғибадатханасы.

Тағы бір танымал ғибадатхана — Кинкаку-дзи (Алтын павильон). 14 ғасырда салынған ғимарат алтынның түсіне боялған.

Тау бойымен 4 шақырымға Фусими Инари ғибадатханасына дейін созылған қызыл қақпаларды көргісі келетін саяхатшылар легі толастаған емес. Инари бизнес қамқоршысы деп саналатындықтан, қақпаны жапондық кәсіпорындардың бірі өз қаражатына салдырған.

Нисики базары "Киото асүйі" атымен танымал. Тарихы 400 жылға созылған базар бес орам жерді алып жатыр. Сіз бұл жерден жүзден астам дүкендер мен мейрамханаларды таба аласыз. Сан түрлі ерекше тағамдардың дәмін көргіңіз келсе, бірден осында тартқаныңыз жөн.

Мысалы мына жерде бөдене жұмыртқасы қосылған сегізаяқтарды жеп көруіңізге болады. Көптеген дүкендер тегін дәм татып көруге рұқсат етеді, сондықтан тоймай барғаныңыз абзал.

Жапония өзінің сакура ағашымен танымал. Ал Киото қаласы бұл тамаша ағаштармен көмкерілген десек те болады.

Маруяма саябағында өтетін көктемдік Ханами фестивалі саяхатшылардың ішін пыстырмасы анық.

Киотода күз мезгілі де көздің жауын алады.

Күзгі жапырақтарды барынша тамашалағыңыз келсе Ои өзені бойымен Арасияма ауданына жол тартыңыз.

Киёмидзу-дэра ғибадатханасы — қалаға тамаша көрініс ашатын көрікті жерлердің бірі.

Ал Фудзияма тауын "Синкансэн" (оқ-пойыз) пойызымен саяхаттағанда суретке түсіріп алуыңызға мүмкіндік бар. Пойыз сағатына 321 шақырымға дейін жылдамдықта қозғалады.

Киотода табиғи жерлер де жетерлік. Арасияма бамбук тоғайы керемет көркімен әрі шырылдаған дыбыстарға толы болуымен танымал.

Бұл жерде маймылдар үйірімен тіршілік етеді. Оларды Иватаяма маймылдар саябағында көптеп кездестіруге болады.

Киотоға оның қала бола тұра, әдемі қыстаққа ұқсас болуы ерекше көрік сыйлайды.

Киото архитектура мен дәстүрді тамаша сақтай білген. Мәселен Нинензака көшесі империялық дәуірде салынған.

Киото — заманауи қала.

Гейшаларды Киото көшелерінен жиі кездестірсеңіз таң қалмаңыз.

Гиона ауданында гейшалар әсіресе көп кездеседі.

Кио-рёри ("киот асүйі") — түрлі тағамдарды кішкентай ыдысқа салып, ерекше дәстүрмен ұсынатын қызмет түрі.

Сиракава ауданындағы көптеген мейрамханалар да ұлттық тағамдар түрін ұсынып жатады.

Киотода қызықсыз көшелер жоқтың қасы деуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/822751-ne-sebepti-kioto-alemninh-enh-korikti-qa/

pixel