RU

Қазақстанда коммуналдық төлемдер тарифі өсетін болады

2017 жылдан бастап елімізде табиғи монополиялар нысандарына қосымша табыс табуға рұқсат берілмек. Бұл туралы 17 шілде күні Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті деп хабарлады Хабар арнасы.

Оның айтуынша, бұдан соң ол мекемелердің компьютер, жиһаз, бағдарламалық қажеттіліктеріне қаржы бөлінбейді. Ол шығынды өздері көтеретін болады.

Ұлттық экономика министрлігі өткізген семинарда сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы инвестициялық бағдарламар мәселесі талқыланды.

Қазір республика бойынша келіп түскен 21 жобаның 8-ін бекіткен, ал қалғандарын қайта өңделмек. Себебі ол компаниялар тарифті шектен тыс асыра өсіруді сұраған. Ел бойынша газ, су, жылу бағасының біртіндеп көтерілетінін бұған дейін президенттің өзі айтқан.

Ал комитет төрағасы: "Осының есебінен 60 пайызы ескі-құсқы инженерлік желілер жаңартылады", – деп отыр.

Астана су арнасы кәсіпорны инвестициялық бағдарламаны әлі күнге әзірлеп жатқандықтан, елордада коммуналдық төлемдер қаншаға өсетіні әзірге белгісіз. Кей өңірлердікі бекітілген.

"Мысалы, Ақтөбеде қазір "Қазтрансгаз" аймақ газ туралы инвестициялық бағдарламасына кеше приказ шығардық. Газдың өсуі, транспортының өсуі 150 пайыз, жұмысшыларға өсуі 5-10 пайыздан аспайды. Тарифтер өсуі адамның, тұтынушылардың жағдайына қарап қабылдаймыз", - дейді ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/822799-qazaqstanda-kommunaldyq-tolemder-ta.html