RU

Джохар Царнаев шекті қатаң жазалы түрмеге көшірілмек

Бостон жарылысына кінәлі Джохар Царнаев жазасын Индиана штатында орналасқан ең қатаң түрмеде өтейтін болады деп хабарлады CBS телеарнасы.

21 жастағы Джохар Царнаевты өткен айда АҚШ-тың алқа билер соты өлім жазасына кескені белгілі. Содан соң ол Массачусетстен Колорадо штатындағы "Супермакс" түрмесіне әкелінген болатын.

Қатаң жазалы бұл абақтыға 2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасына қатысы бар бірнеше қылмыскер қамалған. АҚШ Түрмелер бюросының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Царнаев осы аптада енді "Супермакс" түзету мекемесінен Индиана штатында орналасқан шекті қатаң түрме "Терре Хаутқа" ауыстырылады.

Қылмыскерге сол жерде өлім жазасы орындалады. Еске салсақ, 2013 жылғы Бостон марафоны жарылысынан 3 адам қаза тауып, 260-тан астамы жараланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/823151-dzhokhar-carnaev-shekti-qatanh-zhazaly-tur.html