RU

Иісшіл ит елімізге 9 келі героин алып өтпек болған қырғызстандықты құрықтады

Қазақстанға 9 келіден астам героин өткізбек болған қырғыз азаматын шекарашылар арнайы иттің көмегімен әшкереледі.

Пакеттерге салынған ақ ұнтақ шетелдік көліктің артқы орындығының астынан табылған. Қаскөй күдік тумасын деп оның бетін жақсылап қымтапты.

Мұндай қулықты талай көрген шекарашылар есірткіні тез тапты. Қамауға алынған қырғыз азаматынан қазір жауап алынып, басқа да сыбайластары іздестірілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/823154-iisshil-9-keli-geroin-alyp-otbek-bolgha.html