RU

Қарағандылық тұрғынның әйеліне ерекше құттықтау жасағаны көпшілікті таң қалдырды

Қарағандылық тұрғынның аспанда қалықтап, әйеліне ерекше құттықтау жасағаны көпшілікті таң қалдырды. Азамат босанған әйеліне парашюттен секіру арқылы алғыс білдірген.

Бұл туралы informburo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Әлемнің түпкір-түкпірінде ер кісілер сәби сүйдірген әйелдеріне алғыстарын түрлі жолдармен білдіріп жатады. Бірі перзентхана маңында билеп жатса, екіншілері өткен-кеткенге гүл шоқтарын сыйлайды. Ал қарағандылық парашютші мүлдем ерекше құттықтау түрін ойлап тапты.

Виталий есімді азамат АН-2 ұшағымен аспанға көтеріліп, парашютпен секірген. Сол аралықта ол өзімен бірге "Сүйіктім, қыз сыйлағаның үшін рахмет" деген жазуы бар плакатты алып түскен.

15 шілде күні Виталийдің отбасы бір балаға толықты. Осылайша сүйіктісіне алғысын білдірмек болған азаматтың құттықтауы талайдың назарына ілікті.

Бүгінде видеоқұттықтау әлеуметтік желіде күн санап танымалдылыққа ие болуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/823820-qaraghandylyq-turghynnynh-ayeline-erek.html