RU

ШҚО-да жүргізуші рульді басқара алмай, екі адам ажал құшты

Аягөз ауданында ЖКО салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам зардап шекті,  деп хабарлады облыстық ІІД.

Өркен ауылына жақын маңда «ВАЗ 2107» жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кетеді.

ЖКО салдарынан оқиға орнында алынған жарақаттан 34 жастағы жүргізуші қаза тапты, 13 жастағы жолаушы ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды, 7 жасар бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.

Аталмыш факті бойынша 345-бапта көзделген қылмыстық өндіріс қозғалды (көлік басқарып келе жатқан адам жол қозғалысы ережесін бұзуы).

Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/824118-shqo-da-zhurgizushisi-ruldi-basqara-alm.html