RU

Алматыдағы Сарыарқа базары сүріліп, орнына сауда орны салынбақ

Алматыдағы "Сарыарқа" базары сүріліп, орнына заман талабына сай сауда орны салынады. Қазір сәулетшілер оның жобасын әзірлеуде деп хабарлады Алматы арнасы.

Шаһар басшысының қаулысы шыққаннан кейін, мамандар сүру жұмысына кіріседі. Базар 1 гектар аумақты қамтыған. Оның 40 сотығы қызыл сызықта орналасыпты.

Енді бұл жер мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін, оның орнына жүргіншілер жолағы салынып, көлік жүретін жол кеңейе түспек.

"Базардың қалған аумағында иелері өздерінің ғимараттарын жаңғыртуы керек. Не болмаса, оны бұзып, орнына жаңа базар салуы керек. Қазір аудан әкімдігі мен жер комиссиясының тарапынан қызметтер көрсетіліп жатыр", - деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеу.

Әуезов ауданында мұндай өзгертулер "Тигрохауд", "Арыстан" базарына енгізіледі. Бүгінгі күні сауда орны жетекшілеріне ескертулер жасалып, олардың нобайлары жасалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/824544-almatydaghy-saryarqa-bazary-surilip-o.html