RU

Қызылорда облысында Ішкі Істер бөлімінің бастығы парамен ұсталды

Қызылорда облысында Арал аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы парамен ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Нұрланбек Қожамұратов істі болып жатқан жергілікті тұрғыннан қылмыстық істі тоқтату үшін 300 мың теңге талап еткен. Параны полиция полковнигі еш қымсынбастан кабинетінде алыпты.

Қожамұратов сол ақшаны санап жатқан жерінде ұсталды. Полковник бөлімше бастығы қызметіне тағайындау жөнінде бұйрықты күтіп, міндетін уақытша атқарып жүрген екен.

Енді құлқыны кең полицей бұйрықты емес, темір торда жатып үкім күтетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/824912-qyzylorda-oblysynda-ishki-ister-bolim.html