RU

Түркия шипажайында Қазақстан азаматы қайтыс болды

Қазақстан азаматы Түркияның Белек шипажай ауданында қайтыс болды деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

"18 шілдеде Анталияның Белек курорттық аймағында Қазақстан азаматы көз жұмды. Медициналық қорытынды бойынша оның өліміне кардиогендік шок себеп болған. Анталиядағы консулдық қызметкерлері марқұмның мүрдесін Қазақстанға жеткізу үшін барлық құжаттарды рәсімдеді. Тасымал шығыстарын, біздің деректер бойынша, Қазақстан азаматын сақтандыру агенттігі өз мойнына алды", - деді Жайнақов.

Оның ақпаратына сүйенсек, бүгін, 21 шілдеде, "Анталия-Алматы" рейсімен марқұмның денесі Қазақстанға жеткізіледі.

Сондай-ақ СІМ баспасөз қызметі Анталиядағы консулдық қызметкерлері қажетті көмектер көрсетіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/825510-turkiya-shipazhayynda-qazaqstan-azamat.html