RU

Қазақстан шетелде өндірілген құс етін өткізуге уақытша тыйым салды

 Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан аумағында жосықсыз өндірушілер өндіретін құс етін өткізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар етті деп жазды 24.kz.

Мұндай шешім санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша төмендегі өндірушілерден патогенді микрофлоралардың (Salmonella) анықталуы бойынша қабылданған.

«Мясоптицекомбинат «Благодарненский» ААҚ-ы өндіретін «Благояр» балапан еті (Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі, Благодар қаласы);

«Мироновская птицефабрика» ЖАҚ өндіретін бройлер балапан ұшасы (Украина, Черкасск облысы, Канев ауданы, Степанцы селосы);

«Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ өндіретін бройлер балапан және бройлер балапанның төс еті (Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Нагайбак ауданы);

«Юбилейное» ЖШҚ өндіретін «Хорошее дело» бройлер балапан ұшасы (Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Чамзин ауданы, Чамзинка кенті).

Тиісті хабарлама Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің уәкілетті органдарына жіберілді.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның бөлшек сауда желісін Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ескертеді және тұтынушыларды Комитеттің департаменттерін бөлшек сауда желілерінде аталған өндірушілердің өнімдерін өткізу фактілері туралы белсенді түрде хабардар етуге шақырады", - делінген ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/825770-qazaqstan-shetelde-ondirilgen-qus-eti.html