RU

ОҚО-ның денсаулық сақтау басқармасы 12 жастағы жүкті жасөспірімдер туралы ақпаратты жоққа шығарды

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Айгүл Сапарғалиева ОҚО-да жүкті әйелдер есебінде тұрғандардың арасында 12 жасар қыздар да бар деген ақапартты жоққа шығарды деп хабарлайды Астана арнасы.

Жүкті әйелдерді тіркеу порталының дерегіне сүйенген медицина қызметкері 12 жастағы қыздар бұл есепте жоқ дейді.

Десе де, жыл басынан бері кәмелет жасқа толмай бала көтерген қыз балалардың саны расымен үш жүзден асады екен.

"12 жасқа дейін жүкті әйел тіркелмеген. Жалпы 13 жас пен 18 аралығына дейін, яғни 17 жастағыларды қоса есептегенде, 402 әйел жүктілікпен тіркелінген. Оның ішінде 283 - аудандардан, 119 әйел - қала тұрғындары. Олардың ішінді 41 әйел босанған. Қазіргі таңда 331 әйел тіркеуде тұр, 18 жасқа дейін", - дейді Айгүл Сапарғалиева.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Бексұлтан Тұтқышев ОҚО-да жүкті әйелдер есебінде 12 жасар қыздар да тіркелгенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/825939-oqo-nynh-densaulyq-saqtau-basqarmasy.html