Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік дәрігерлердің отасынан кейін ақтөбелік бүлдіршін 37 күн жансақтау бөлімінде жатты

Опубликовано:

Дәрігерлердің немқұрайлылығы кесірінен 6 жасар ақтөбелік Самғат Ғарифуллаұлының денсаулығына зақым келген. Науқас баланың анасы кінәлі тараптың жауаптан жалтарып отырғанын айтуда.

Самғат Ғарифуллаұлының анасы Айжан Есмаханова айтуынша, баласының денсаулығына зиян келтірген кінәлі тарап - Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов медициналық университеті жауаптан жалтарып отыр дейді.

Бүгін, 21 шілде де баланың анасы заңгер Сәлім Өтен, қоғам белсенділері Гүлзада Өмірбай және Динара Сәтжанның қатысуымен баспасөз мәжілісін өткізді.

«Біз жұртшылықтың осы заңсыздық туралы білгендерін және емді жалғастыру үшін балаға қажетті қаржыны жинауға көмектескіміз келеді», - дейді Динара Сәтжан.

Самғат Ғарифуллаұлы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Комсомольский ауылында дүниеге келген. 2011 жылы «денсаулық пойызымен» жолаушылап өтіп бара жатқан дәрігерлер балада туа біткен жүрек ақауы бар екендігін айтады.

«2012 жылы ДСӘДМ «Балаларда күрделі жүрек ақауларын диагностикалау және ота арқылы емдеу» шеберлік сабағын өткізу туралы Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы медициналық университетімен келісімшартқа отырады.

Келесі күні шеберлік сыныбы аясында Ресейден шақыртылған дәрігерлер Самғатқа ота жасады, бұдан соң бала 37 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты.

Есін жиғаннан соң баланың жүйке қызметі бұзылып, ақыл-есінің дамуы тоқтап қалғанын білдік» дейді Самғаттың анасы Айжан Есмаханова.

Ал, заңгер Өтен Сәлімнің айтуынша, ресейлік мамандар аталған отаны ешқандай келісімсіз жасаған.

«Шеберлік сыныбын өткізу туралы келісімшарт тіркелгеннен кейін 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшіне ену тиіс еді. Оның тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылған жоқ. Демек, күшіне енбеген келісімшарт негізінде Ресейдің Түмен қаласынан шақыртылған ресейлік дәрігерлер заңсыз ота жасаған болып шығады», - деп атап өтті Өтен Сағындықұлы.

Бүгінгі күні Ақтөбе қалалық және облыстық соттары арыз берушінің ісіне самарқау қарап, талаптарын қанағаттандырмай отырған көрінеді. Енді әділдік іздеген ата-ана Бас прокуратураға шағымданбақ.

Келісімшартқа сәйкес, ота нәтижесі сәтсіз болған жағдайда барлық жауапкершілікті Марат Оспанов атындағы медуниверситет көтеруі тиіс болған. Алайда, мекеме басшылығы баланы емдеу үшін қандай да бір материалдық көмек көрсетуден бас тартып, кінәсін мойындамапты.

Баспасөз мәжілісінің спикерлері жұртшылықты денсаулығынан айрылған бүлдіршіннің мәселесіне қоғам болып назар аудару керектігіне шақырып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/826095-reseylik-darigerlerdinh-otasynan-key/

pixel