RU

Ақтауда қарбыз сатушыдан пара алған шенеунік ұсталды

Ақтау қаласындағы кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы азамат Қ.Н. тұтқындалды деп жазды 24.kz.

Мемлекеттік қызметкер қарбыз сатуға жолдама хат пен рұқсат құжатын бергені үшін жергілікті кәсіпкерден 200 мың теңге пара алған.

«Күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік қызметкерге қатысты қылмыстық іс Ақтау қалалық сотында қаралып жатыр», - деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826118-aqtauda-qarbyz-satushydan-para-alghan-sh.html