RU

Ерекше биімен таңғалдырғысы келген жігіт қалыңдығын өлтіре жаздады (видео)

Үйлену тойында ерекше би билеп шыққан жігіт қалыңдығын өлтіре жаздады.

Осыдан бірнеше күн бұрын YouTube видеохостингінде үйлену тойындағы оқыс оқиға жайлы қонақтар түсірген бейнеролик пайда болған еді.

Ондағы кадрларда үйленген жігіт қалыңдығымен ерекше би орындайды. Ол сальто жасап, қонақтарды таңдандырғысы келген. Обалы нешік, мұны әп-әдемі-ақ жасаған. Бірақ оның бұл қылығы жарының өмірін қиып кете жаздады.

Соққы қатты тиген қалыңдық қабырғаға соғылып, гүлдер салынған құмыраны қаға жерге құлап түскен. Өзін кінәлі сезінген күйеу сүйіктісін дереу көтеріп алмаққа әрекеттенген.

Бірақ сальтодан кейін басы айналған жігіт қызды қолынан түсіріп алған.

Бұдан соң тойдың қалай аяқталғандығы белгісіз...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826300-erekshe-biimen-zhurtty-tanhghaldyrghysy-k.html