RU

Ғалымдар қазақтардың ғұндар мен андроновтықтармен туыс екенін анықтады

Қазақстандық ғалымдар қазақтар мен жауынгер халық ғұндардың, сонымен қатар көбірек арийлер ретінде таныс андронов мәдениеті өкілдерінің ДНҚ-сын салыстырды.

Болжанғандай үш халықтың арасында жақын туыстық байланыс бар екені анықталды деп жазды «Экспресс К» басылымы.

Зерттеуді Shejire DNA жобасының ғылыми жетекшісі Жақсылық Сәбитов жүргізген. Ол 3-4 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде өмір сүрген андроновтарда қазақтардың табын руында жиі кездесетін гендер тобы барын анықтаған.

Батыс мәдениетінде андронов өкілдерін арийлер деп атау қабылданған. Нақ солар аңызға айналған Арқайым қаласын тұрғызып, алғаш рет екі аяқты күймені ойлап тапқан. Олардан қалған мәдениет іздері Сібірден бастап Үндістанға дейінгі аумақта кездеседі.

Ғұндар қазақтардың керей, уақ, сіргелі сынды руларына туыс болып шыққан. Жақсылық Сәбитов Қытайдың солтүстік аймағындағы Егінкөл, Дүрлік, Нарс, Баркөл сынды қорымдардағы жауынгерлердің ДНҚ-сын зерттегеннен кейін осындай шешімге келген.

Ғұндар күш-қуаты мықты тайпа болған. Жауынгер ғұндардан қорғану үшін Қытай императоры Ци Ши Хуанди ұлы Қытай қорғанын тұрғызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826364-ghalymdar-qazaqtardynh-ghundar-zhane.html