RU

Қайрат Нұртастың костюмі үшін "Audi" ұсынылды

Ғаламтор желісінде танымал әнші Қайрат Нұртастың костюмы сатылады деген жарнама жарияланды. Костюмді сатып алғысы келгендердің бірі Audi көлігін ұсынған деп хабарлайды 31 арна.

Айдос Сандыбаев есімді азамат әншінің   киімін бақандай жарты миллион теңгеге бағалапты.

Жарнама авторының айтуынша, қымбат түймелерімен безендірілген ақ түсті костюмды ол Семейде өткен концерт барысында қағып алған. Аталмыш концерт 28 маусым күні "Спартак" стадионында болып өтті.

Кештің көркін қыздыру үшін Қайрат  ән айтып жатып үстіндегі костюмын шешіп, көрермендерге қарай лақтырған. Бүгінде, жұлдыздың костюмін сатып алуға қызығушылық танытқандар саны  көп, бірақ көпшілігі бағасын арзандатуды сұрап отырған көрінеді.

Тіпті, Audi көлігін ұсынғандар бар екен. Алайда, жалдамалы пәтерде тұратын Айдос оны арзанға сатқысы жоқ. Ал, шетелде мұндай жағдайлар қалыпты үрдіске айналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826533-qayrat-nurtastynh-kostyumi-ushin-audi-usyny.html