RU

Мәдениет министрлігі Қазақстан астанасын әлемде алға жылжытатын брендті ойлап тапты

Қазақстан елордасын әлемде «Астана - Еуразия жүрегі» бренді бойынша алға жылжытатын болады. Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, министрлік ЭКСПО шарасына байланысты арнайы жоспар жасақтады.

Бұл жоспар бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси маңызы туралы презентациялар өткізіледі.

«ЭКСПО-2017» көрмесі мен халықаралық және Астананың қаржылық орталық ретіндегі әлеуеті мәдени-туристік кластерді құруға, елорданың жаңа мәдени инфрақұрылымының дамуына және «Астана - Еуразия жүрегі» танымал брендінің құрылуына серпін береді», - дейді  Мұхамедиұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826769-madeniet-ministrligi-qazaqstan-asta.html