RU

Қытайда 130 млн халқы бар мегақала бой көтереді

Қытайда халқының саны 130 миллионнан асатын мегақала бой көтереді. Билік үш шаһардың басын қосып, "Джин-Цзинь-Джи" алпауытын құруды ұйғарды.

Пекин, Тянь-цзинь және Хэбэйды топтастыратын мегақаланың аумағы шамамен 132 мың шаршы шақырым. Агломерация құрамындағы әрбір шаһардың өзіндік рөлі болады. Қазіргі ел астанасы технологиялар мен мәдениетке жауап береді.

Тянь-цзинь технологиялық зерттеулермен айналысады. Ал Хэбэйде кішігірім өндірістік жобалар жүзеге асады деген болжам бар. Жергілікті мамандардың мәлімдеуінше, мегақала елдің экономикалық реформаларының локомотивіне айналады.

Жобаны Қытай төрағасы Си Цзиньпин құп көріп отыр. Алайда оны жүзеге асыру үшін өңірдегі бірқатар мәселенің басын ашып алу қажет. Аймақта көлік қатынасы нашар. Мектептер мен аурухана жеткіліксіз. Кейбір бастауыш мектептерде бір сыныпта 65 баладан білім алып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826826-qytayda-130-mln-khalqy-bar-megaqala-boy-ko.html