RU

Алматының мың жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланады

Алматының мың жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық ғылым академиясының академигі Карл Байпақов айтты деп хабарлайды BNews.kz.

"Бірнеше күн бұрын ғана белгілі болған қуанышты жаңалықты айтайын. Алматы қаласының мың жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық күндерінің тізіміне енді. Яғни Алматының мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойланады", - деп хабарлады Байпақов.

Тарихшы хабарлап өткендей, 2015 жылы Алматыда ЮНЕСКО-ның бастамасымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады деп күтілуде.

"2015 жылы Алматыда Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады. Түркістан, Отырар, Сауран – біздің рухани бай қалаларымыз. Алматы да туризм мен рухани құндылықтар дамыған қалаға айналған", - деді Байпақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826953-almatynynh-mynh-zhyldyghy-yunesko-denhgeyi.html