RU

"Маңғышлақ-Алматы" пойызында 9 жасар балаға тиіскпек болған нәпсіқұмар ұсталды

"Маңғышлақ-Алматы" пойызында көлік полицейлері нәпсіқұмарлық әрекеттері үшін 19 жастағы жігітті ұстады деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

20 шілде күні сағат 06.30-да Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына "Маңғышлақ-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушысы шағымданып, аталған пойызда келе жатқан белгісіз біреудің оның 3-сыныпта оқитын қызына тиіскендігі туралы хабарлаған.

Алматы-1 станциясындағы ІІЖБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады.

Ұсталған азамат Алматы қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оның үстінен Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/826979-manhghyshlaq-almaty-poyyzynda-3-synyp-oqu.html