RU

Ресейдегі жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны 33-ке жетті (видео, фото)

22 шілде күні Ресейдің Красноярск қаласының түбінде автобус пен жүк көлігі соқтығысуының салдарынан жантәсілім еткендер саны 33 адамға жетті деп хабарлады "Россия24" телеарнасы.

Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша 09:15-те М-53 "Байкал" федералды трассасының Козуль ауданы Шишково ауылы тұсында орын алды. Жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты.

Нәтижесінде фура отқа оранған. Осы жерде бірден 11 адам қаза тапқан.

"Жараланған 22 адам Ачинск ауруханасына жеткізілді, 11 адам Козуль ауруханасында", – деп хабарлады өлке Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Зоя Масленникова.

Оның айтуынша, апат орнына бортына 13 медикті алған 2 тікұшақ ұшып келген.

"Пациенттердің бір бөлігі тасымалдауға жарамады. Жақын арада Краноярскіге 6 зардап шегушіні, соның ішінде 3 баланы жеткізу жоспарлануда", – деді Масленникова.

Қазір апат орнында тергеу-жедел тобы мен 30 адамнан тұратын құтқарушылар отряды жұмыс жасап жатыр.

Алғашқы болжам бойынша осыншалықты апаттың орын алуына автобус жүргізушісі айыпты делінуде. Ол қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Онымен бетпе-бет соқтығысқан жүк көлігінен түк қалмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде Шешенстаннан Дағыстанға кетіп бара жатқан “Газель” маркалы шағын автобус аударылып, ондаған адам мерт болғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/827182-reseydegi-zhanturshigerlik-zhol-apatyn.html