RU

Apple корпорациясының акциялары арзандап барады

Apple корпорациясының акциялары құнын жоғалтып жатыр. АҚШ алпауыттың бағалы қағаздары компания сатылымының ұлғаюына қарамастан құлдырауда.

Қаржылық көрсеткіштер бойынша есеп берген мамандар Apple табысының 38%-ға өскенін мәлімдеді. Ал оның акциялары 6,7%-ға арзандаған.

Сарапшылардың айтуынша, құнды қағаз бағасының төмендеуіне 4-тоқсанға жасалып отырған болжам себеп. Мамандар алдағы уақытта Apple-дің табысы мардымсыз болуы мүмкін дегенді алға тартады. Себебі алпауыт өзінің iPhone өніміне қатты тәуелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/827237-apple-korporaciyasynynh-akciyalary-arzandap.html