RU

Жаңаөзен тұрғыны жарты миллион теңгелік асыл бұйымдарынан айырылып қалды

Белгісіз біреулер Маңғыстау тұрғынының құны жарты миллион теңгелік заттарын ұрлап кетті, деп хабарлайды lada.kz құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Бұл оқиға Жаңаөзенде болған. 47 жастағы әйел полицияға шағымданған. Ол ұрлықтың "Өркен" шағынауданында орналасқан  «Алтын Орда» мейрамханасында болғандығын айтқан.

Әйел сөмкесін орындыққа қойып кетіп шамалы  уақыттан кейін қайта оралған сәтінде ол жоқ болған.

Ұрланған заттардың ішінде құны 200 мың теңгелік гауһар тасты сырға, алтын әшекейлер, бағасы 150 мың теңгелік «Айфон-5» телефоны және өзге де бұйымдар болған. Кеткен материалдық шығынды иесі жарты миллион теңгеге бағалап отыр.

Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/827536-zhanhaozen-turghyny-zharty-million-tenhge.html