RU

Ақтөбе облысында әкесі балтамен соққыға жыққан қыздың анасы 10 млн теңге талап етуде

Ақтөбе облысында өгей әкесі балтамен соққыға жыққан қыздың анасы моральдық зиян үшін 10 млн теңге талап етуде.

Бұл туралы diapazon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сотта 12 жастағы қызын наурыз айында балталап өлтірмек болған өгей әкенің ісі қаралуда. Жеткіншек ауыр соққыдан емханаға түсіп, мүгедек болып қалған.

12 жастағы Айнаш Астанада ем алуда. Жеткіншек өгей әкесі соққыға жаққаннан кейін мүгедек болып қалды. Оны квота бойынша Астана емханаларының біріне жіберді. Қыз балаға көптеген ота жасалды. Енді бас сүйегіне пластина орнату керек.

Кезекті сот отырысында Айнаштың анасы айыпталушы күйеуінен 335 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етуде. Бұдан бөлек қызына 10 млн теңге сұратып отыр.

Қыздың анасы Сәуле Енгібаеваның айтуынша, Айнаш физикалық жарақаттардан бөлек психикалық ауыртпашылықтарды тартты. Жеткіншектің өгей әкесі Темір Ділметов бұл айыппен келіспей отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/827638-aqtobe-oblysynda-baltamen-soqqygha-zhy.html