Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдениет және спорт министрлігі 130 млн теңгеге картиналарға тапсырыс берді

Опубликовано:

Аталған сома тек қана бояу мен суретшілерге қажетті нәрселер алуға жұмсалыпты. Қазақ өнерінің ең биік шыңы болуы тиіс картиналармен үш суретші айналысыпты.

Бұл туралы informburo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Астанадағы Қазақстанның Ұлттық мұражайында «Мәңгілік ел» триптихінің таныстырылымы өтті.

Үш картинаны салу үшін 5 суретші жұмылдырылған. Ал трипитихтің жалпы бюджеті 130 млн теңгені құрап отыр. Аталған қаржыны Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі бөлген. Аталған сома тек қана бояу мен суретшілерге қажет дүниелерді сатып алуға жұмсалыпты.

Жобаға танымал суретші Ерболат Төлепбай жетекшілік етті. Одан бөлек, шығармашылық ұжымда Ағымсалы Дүзелханов, Қазақбай Әжібекұлы, Айдар Жамхан мен Айдос Шахмардан сынды суретшілер еңбек еткен.

Триптихтің таныстырылымына қатысқан премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев суретшілердің еңбегін жоғары бағалап, аталған картиналардың ел тарихы мен мәдениетінде маңығздылығы жоғары екенін атап өтті.

Ал Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қаржының жобаға мемлекеттік тапсырыспен бөлінгенін жеткізді.

«Кез келген картинаның өзіндік құны бар. Мысалы, бір қарағанда тек графикалық сурет секілді көрінетін Малевичтің «Қара квадраты» бірнеше миллион долларға бағаланды. Ал біздің орасан зор триптихіміздің құны бар-жоғы 130 млн теңге. Сондықтан картинаның қымбат-арзандығын мамандар шешсін», - дейді Мұхамедиұлы.

Мұхамедиұлы жоба авторы Ерболат Төлепбай өнер саласында кең танылған адам екенін және оның картиналары шетелде үлкен сұранысқа ие екенін де атап өтті.

"Бұл жерде картиналардың құнынан көрі, оның (суретшінің - ред.) Отан алдындағы парызы туралы айтқан дұрыс болатын шығар. Бұл жерде еліміздің ең мықты деген суретшілері еңбектенгенін де ескеріңіздер", - деп түсіндірді Мұхамедиұлы картиналардың салынуынан бөлінген қаржы көлемін.

"Барлық қаржы тек бояу мен материалдарға жұмсалды. Олардың жұмыстары өте қымбат тұрады, шын айтқанда", - деп қосты министр.

Мұхамедиұлы жұмыстың барысын жеке өзі қадағалағанын да атап өтті. Сонымен қатар картиналардағы тұлғалар мен детальдардың дәлдігін қамтамасыз ету үшін жобаға тарихшылар да тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/827992-madeniet-zhane-sport-ministri-ush-karti/

pixel