RU

"Қайсар" басшылығы толықтай отставкаға кетті

23 шілде күні қызылордалық "Қайсар" футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай, команда директоры Руслан Балтиев пен басшысы Евгений Веретнов отставкаға кетті деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Клуб директорының міндетін бұған дейін орынбасар болып келген Жаңабек Әлназаров атқаратын болады. Ал бас бапкерді уақытша Сұлтан Әбілдаев алмастырмақ. Бұған дейін ол команданың қатардағы жаттықтырушыларының бірі болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, Дмитрий Огай "Қайсар" футбол клубын 2014 жылдың басынан бері жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен қызылордалық команда Премьер-лигада былтыр 5-ші орынға табан тіреген болатын. Дегенмен биыл команда ойдағыдай ойын көрсете алмай, турнир кестесінің 10-шы сатысына бір-ақ түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/828262-qaysar-basshylyghy-tolyqtay-otstavkagh.html