RU

Алматылықтардың үрейін алған ең күшті сел соңғы рет осыдан 42 жыл бұрын болған

Алматылықтардың үрейін алған ең күшті сел соңғы рет осыдан 42 жыл бұрын болған. Аптап ыстықтан «Тұйық су» мұздағы еріп, тасқын су тау етегіндегі елді-мекендерді жайпап өткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл 1973-ші жылы болған апат. Кіші Алматы өзені арнасымен келген селден тауда тынығып жатқан жүздеген тұрғын тұншығып қаза тапқан.

Лай аралас көшкін ағаштарды тамырымен жұлып, алып тастардың өзін ағызып жіберген еді.

Тек алапат суды Медеу бөгеті дер кезінде тоқтатып, қаланы біржолата шайылып кетуден сақтап қалған екен.

Ең көп қасірет әкелген 1921-ші жылғы сел. Онда қызыл су 500 адамның өмірін қиып, қаланың шығыс бөлігіндегі тұрғын-үйлер түгел шайылып кеткен болатын.

Ал күні кеше ғана Алматы аудандарда жүрген сел абырой болғанда еш адамның өмірін қимады, десе де селден зардап шеккен аймақ тұрғындары оқиғаның егжей-тегжейін айтып, тіпті үрейде үйлерін тастап қашқандарын да жасырмады.

Еске сала кетсек, кеше 23 шілде де, түнгі сағат  3:00-де Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Қарағайлы ауылдары маңыдағы өзендер арнасынан асып, сол аудандарда сел жүрген еді.

Алматыда сел тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып, сел салдарынан 900 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/829134-almatyny-zhaypaghan-sel-tarikhy.html