RU

Атырау облысында үш адамды мысық талап тастады

Атырау облысы, Жылой ауданында кәдімгі мысық үш адамды талап тастаған. Дене жарақаттарын алған азаматтар дәрігерлердің бақылауынан соң үйіне қайтарылды деп хабарлайды 31 арна.

Бейресми ақпараттар бойынша, оқыс оқиға Жылой ауданы Теңіз вахташылар қалашығы «Болат Жол» депосының маңында болған.

Адамдарды жарақаттаған мысық артынша өліп қалып, тексеруге зертханаға жіберілген.

Үш адамға жабысып жарақаттаған мысық екі күннен кейін өлген. Бұралқы мысық қазіргі күні ветеринариялық лабораториялық зертханасына жіберілді. Қазір енді соның лабораториясын күтіп отырмыз. Шыққан кейін заңға сай талапқа сай әрекет етеміз", - дейді Жылой аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбет.

Қазіргі жарақат алған үш адамға медициналық жәрдемдер көрсетіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/829188-atyrau-oblysynda-ush-adamdy-mysyq-tala.html