RU

Астанада ТЖ комитеті ашқан «жедел желі» телефондары жауап бермейді

ІІМ ТЖ комитеті Алматыда сел қауіпінің сақталуы себепті Астанада ашқан «жедел» желі телефон номерлері жауап бермейді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Мысалы, Астанадағы дағдарыстық жағдайды басқару орталығындағы 8 (7172) 533279, 323289 телефон номерлері 08.35, 09.51, 10.10 сағатта соғылған қоңырауға ешкім жауап бермеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарғалы өзенінің аңғарымен селдің өтуін хабарлап отыру үшін Алматы мен Астана қаласында «жедел» желі телефондары іске қосылды.

Еске салсақ, ТЖД мәліметтерінше, Алматыда 27 шілдеге дейін сел жүру қаупі сақталады.

«Ауа райының ыстық болып, қарлар қарқынмен еріп жатуы және 24-27 шілдеде жауын жаууы мүмкіндігінен еріген қар суы мен жауын суларынан Алматы облысының таудағы жекелеген өзендері тасуы мүмкін, тауларда сел жүру қаупі сақталады», - деа ескертеді Алматы ТЖД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/829662-tzh-komiteti-astanada-ashqan-zhedel-zhe.html