RU

Дәрігерлер жүкті әйелдерге классикалық музыка тыңдаудың пайдалы екенін айтты

Павлодарлық дәрігерлер болашақ аналарға жүктілік кезінде классикалық әуен тыңдауға кеңес береді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Облыстық әйелдер консультациясында аналар мектебіне келетін нәзік жандылар классикалық әуендер тыңдап, психолог өткізетін түрлі тренингтерге қатысады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдар Сейітқазинов.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, облыстың барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру ұйымдары мен перинаталдық орталықта, Екібастұз қаласының перзентханасында «Болашақ аналар мектебі» жұмыс істейді.

Мектептерде болашақ аналар үшін кестеге сәйкес аптасына бір-екі сабақ өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/829816-darigerler-zhukti-ayelderge-klassika.html