RU

Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингінде 87-ші орынға тұрақтады

Әлем институты сарапшылары жылдағы дәстүр бойынша Global Peace Index рейтингін түзді. Яғни әлемдегі елдердің қауіпсіздік деңгейі анықталып отыр.

Аталған тізімге 162 мемлекет енген. Қазақстан бұл тізімнің 87-ші сатысына жайғасқан.

Рейтингтің көшін Сирия бастап тұр. 2-3 орындарға Ирак пен Ауғанстан тиісінше орналасқан. Сарапшылар өмір сүруге ең қауіпті елдер тізіміне Ресей (152 орын) мен Украинаны (150 орын) да қосып отыр.

Жалпы аталған рейтингтің ең қауіпті 10 елінің реті мынадай:

1. Сирия

2. Ирак

3. Ауғанстан

4. Оңтүстік Судан

5. Орталық Африка Республикасы

6. Сомали

7. Судан

8. Конго Демократиялық Республикасы

9. Пәкстан

10. Ресей мен Солтүстік Корея

Ал әлемдегі ең қауіпсіз және бейбітсүйгіш мемлекет - Исландия. Екінші орын - Данияға, үшінші орын Австрияға тиесілі.

Рейтингтің алғашқы ондығында негізінен Еуропа елдері және Канада (7 орын) мен Австралия (9 орын) бар.

АҚШ тізімнің 94-ші, Ұлыбритания 39-шы сатысында. Латын Америкасы елдері арасында ең қаупсіз мемлекет деп Чили (29 орын), Африкадан Ботсвана (31 орын) танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/830156-qazaqstan-qauipsiz-elder-reytingind.html