RU

Алматыда тасқын салдарын жою бойынша апатты-құтқару жұмыстары жалғасуда (фото)

Алматы қаласында селдің салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметінен.

Қарғалы өзені жағалауын тазалау жұмыстары жалғасуда. Қалпына келтіру-тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында №192 мектептің жер төлесінен 40 текше метр  балшықты су айдалды.

Қазіргі уақытта ІІМ бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, зардап шеккен халықтың үйлерін тазалауға көмек көрсетілуде.

ІІМ ТЖ комитеті аумақтық бөлімшелерінің күштері 25 ауланы тазартып, 2 ірі қара мал басын құтқарды. Сел басқан учаскеден 4 көлік эвакуацияланды.

Құрылған қабылдау пункттерде (№176 мектеп, Наурызбай ауданы әкімдігінде, №185 мектепте, Алғабас шағын ауданында) адамдар медициналық және психологиялық көмек алып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Бұдан басқа 55 адам 4 қонақүйге орналастырылды.

Апат медицина орталығының 6 бригадасы, жедел медициналық көмек кезекшілігі  жалғасуда, дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуде.

Тонаудың алдын алу мақсатында Ұлттық гвардия күштері Наурызбай ауданын күзетуді жүзеге асыруда.

Наурызбай, Алатау ауданында 127 тұрғын үй «Смак» зауытының аумағы мен ұңғыманы сел басты.

7 көпір мен жүргінші жолдар қирады. Олардың ішінде 3 көпір халықтың өтуіне кедергі келтіруде, 3 көпірде айналма жол бар, біреуі апатты жағдайда. Іргетасы шайылып кетті, құлау қаупі бар. Электр беру желісінің 27 тірегін сел шайды. 3000 абонент жарықсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1748 адам, 308 бірлік техника, 3 тікұшақ тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/830311-almatyda-tasqyn-saldaryn-zhoyu-boyynsha.html