RU

Астанада күрестен жүлде қоры 100 мың долларды құрайтын президент кубогі басталды

Бүгін Астанада «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан президенті кубогі жолындағы турнир басталды.

"Биыл жарысқа өзгеріс енгізілді. Бұған дейін президент кубогі жолындағы бәсеке тек грек-рим күресінің балуандары ғана қатысса, бұл жолы еркін және әйелдер күресі де енгізілді. Одан бөлек турнир форматы да өзгерді. Бұған дейін жекелей түрде сайысқа түссе, бұл жолы команда ретінде өнер көрсетеді", – дейді грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Ерлан Қожасбай.

Президент  кубогі жолындағы жарысқа Ресей, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Беларусь елдері өздерінің мықты балуандарын әкеліп отыр. Ал Қазақстан екі құраммен қатысып жатыр.

Тек грек-рим күресінен Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев ғана отбасылық жағдайларына байланысты жарыстан босатылды. Ал қалған мықтылардың бәрі осында.

Турнирді «Қазспорт» арнасы көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/830375-astanada-kuresten-zhulde-qory-100-mynh-dol.html