RU

Талғар өзеніне жақын маңдағы балалар лагерінен 515 адам эвакуацияланды

Алматы облысында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері Талғар өзеніне жақын орналасқан саяжайлардағы тұрғындар мен демалыс үйлеріндегі жұртшылықты эвакуациялап жатыр.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, сел бірнеше күнгі ыстықтан таудағы мұздықтардың еруі себепті пайда болған.

Бүгінде «Большая поляна» гидробекетінде судың ағысы секундына 17 текше метрді құрап отыр.

Белгілі болғандай, «Спутник» балалар лагерінен 515 адам эвакуацияланды, олардың 400-і – балалар.

Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/830737-talghar-ozenine-zhaqyn-manhdaghy-balalar.html