RU

Сел жүрген аймақта қызмет етіп жүрген 12 жасар алматылық ғаламтор қолданушыларын баурап алды (фото)

Сел жүрген аймақта құтқарушылар және еріктілермен қатар белсене жұмыс істеп жүрген Қарғалының 12 жасар тұрғыны Диас Әубәкіров әлеуметтік желі қолданушыларын баурап алды.

Кішкентай батыр туралы Тимур Нүсімбеков өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

«Қарғалының 12 жасар тұрғыны Диас. Кішкентай батыр. Тау қоңжығы. Ол тек сыртқы болмасымен ғана Тянь-Шань қонжығына ұқсас емес оның күші мен әрекет етуі, өсіп келе жатқан қонжықтың ептілігі мен күшіне тең. Бұл бала сел жүргеннен кейінгі барлық күндерде құтқарушылар, еріктілер сонымен бірге әскерилермен тең дәрежеде жұмыс істеп ғана қоймай, кей уақытта олардан да басым түсті», — деп жазды пост авторы.

«Диас Қарғалының шет аймақтары мен шатқалдарын, орталығын бақылап отырады. Диас гуманитарлық көмек ретінде келген жүктерді түсіріп, сондай-ақ,  жаңадан келген еріктеліер мен әскерлерге кеңес береді. Диас шамалғандық балалар тобынан кішкентай еріктілер жасағын ұйымдастырды. Жас батырды құтқарушылар мен әскерилер және жергілікті тұрғындар құрметтейді. Диас жапа шеккендерге тамақ таратады. Диас жолсеріктерге қызмет етеді. Шын мәнінде ол өз қаласын жақсы көреді. Диас керемет. Диас кішкентай батыр», — бұл жолдар әлеуметтік желі арқылы тараған.

«12 жаста, ол нағыз еркек!!!! Тіпті отбасының тірегі мен үміті!!!», «Диасқа қарап нағыз еркектің өсіп келе жатқанын байқауға болады, онымен әлі де мақтанамыз!», — деп жазды пікір қалдырушылар.

Ал бала өзінің парақшасында: "Адамдар өтініш Наурызбай ауданындағы Қарағайлыға келіңіздер. Бізге көмек керек" деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/830859-sel-zhurgen-aymaqta-qyzmet-etip-zhurgen-12.html