RU

Қазақстандық жүргізушілерге полицейлерді видеоға түсіруге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстан парламенті депутаттары жүргізушілердің жағдайын жасау мақсатымен "Жол жүру" заңына қатысты жаңа түзетулерді дайындап жатыр.

Бұл туралы kolesa.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Мәжілісмен Сәкен Жылқайдаровтың айтуынша, заңға түзетулер енгізумен айналысатын жұмысшы топқа жүргізушілерге полицейлер әрекетін фото немесе видеоға түсіруге рұқсат беру туралы ұсыныс түскен.

Жүргізушілерді тоқтатқан полицейлерді видеоға түсіруден бөлек, кептелісте тұрған жүргізушілерге ұялы телефонды пайдалануға рұқсат беру мәселесі де көтерілуде.

Бұдан өзге Сәкен Жылқайдаров жүргізушілерді тоқтатқан полицейлер көлік иесін бес минуттан артық күттірмеуі тиіс деген ұсыныс жасады. Қазіргі заңнамада бұл мәселе қарастырылмаған.

Жаңа түзетулерге сай депутаттар тоқтатылған жүргізушілерге полицейлер бес минут ішінде жақындап, тоқтату себебін түсіндірмеген жағдайда ары қарай кете беруіне рұқсат етпек.

Бұған дейін депрутаттар "Жол жүруге" қатысты заңға түзетулер енгізу барысында велосипедтегі балаларды тасуға, күндізгі уақытта шамдарды қоспай жүруге және жолаушыларға жол сақшыларының рұқсатын күтпей көліктен шығып кете беруге рұқсат ету мәселелерін көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/831303-qazaqstandyq-zhurgizushilerge-policey.html