RU

Синхронды жүзуден тарихта тұңғыш рет ер адам чемпион атанды (фото)

Қазанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында синхронды жүзуден алғаш рет ер адам чемпион атанды.

Америкалық Билл Мэй отандасы Кристина Джонспен жұптасып өнер көрсетіп, тарихта тұңғыш рет синхронды жүзуден әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Еске сала кетейік, осыған дейін синхронды жүзу спортынан ресми жарыстар тек әйелдер арасында ғана өткен.

Алайда, спорттың бұл түріне қызығушылық танытатын ерлердің қатары көп болғандықтан, халықаралық федерация ерлер бағдарламасын да ресми жарыстар тізіміне енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/831307-sinkhrondy-zhuzuden-tarikhta-tunhghysh-ret.html