RU

Ақмола облысында ұры мешіттен садақа жәшігін ұрлап кетті

Ақмола облысында мешіттегі садақа салынған жәшік ұрланып кетті.

«Ақкөл қаласының полицейлері орталық аудандық мешіттен садақа салынған жәшіктің ұрлығын ашу бойынша шаралар кешенін жүргізеді», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Мешіт имамының айтуынша, ұрлық  26 шілдеге қараған түні болған. Қаскүнемдер терезе жақтауларын алдын ала сындырып алып, мешіт ғимаратына терезе арқылы еніпті.

Осы ретте ұрланған ақша сомасы белгісіз, алайда имам сома аз сома емес деп сендіреді. Себебі ұрлық мұсылмандар ең көп бас сұғатын жұма күнінен кейін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/831588-aqmola-oblysynda-meshitke-ury-tusip-sa.html