RU

БҚО мәслихатының депутаты журналисті "үш әріпке" жіберді (видео)

БҚО парламентінің бұрынғы депутаты, ал қазіргі таңда облыс мәслихатының депутаты Амангелді Таспихов өзінің қатысуымен болған көлік апатында рөлде кім отырғанын сұраған фототілшіні "үш әріпке" жіберді.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

Бұл туралы "МГ-ға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Еске салсақ, 26 шілде күні, шамамен күндізгі сағат 4-те Мәншүк Мәметова атындағы алаңда көлікті басқара алмаған жүргізуші жаяу жүргіншілерді басып кетуге шақ қалған болатын. Болған жайттың куәгерлері рөлде Амангелді Таспихов отырғанын айтқан.

Кейін фототілшіге балағат сөздермен жауап қатқан азамат облыс мәслихатының депутаты екені анықталды.

"МГ" фототілшісінің депутатқа: "Жігіттер рөлде сіз отырды деп жатыр" деген сөзіне шенді азамат: "Жоқ, мен емес, кет бұл жерден!" деп қана қоймай, тілшіні "үш әріпке" жіберген.

Бүгін де депутат тілшілерге қолы бос емес екенін алға тартып, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. "МГ" фототілшісі өзіне тіл тигізген депутаттың үстінен құқық қорғаушыларға арыз түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/831928-bqo-maslikhatynynh-deputaty-zhurnalist.html