Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы Күршім ауданы әкімінің өлімі ашылмаған күйінде қалуы мүмкін

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтың өлтірілуінде үлкен ақша аралас болуы мүмкіндігінен ол қылмыс ашылмаған күйінде қалуы мүмкін, деп мәлім етті Шығыс Қазақстаннан ақпаратқа қанық дереккөзі.

«Бұл адам өлімі өте жақсы ойластырылып, алдын ала жоспарланған болып тұр. Сондықтан ол ашылмай қалуы мүмкін, немесе полицейлер айыптыны «тағайындайды», - деді сұхбатшымыз дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Оның айтуынша, аудан әкімінің өлтірілу себебі - аса үлкен ақша сомасына қатысты шиеленіс болуы мүмкін, атап айтқанда, құрамында мыс бар кенді өндіру бойынша тау-кен байыту кешен құрылысына қатысты мәселеде.

Одан басқа, сұхбатшымыздың пікірінше, жергілікті шекара заставаларына азық-түлік жеткізетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігінен айрылған жергілікті фермерлердің арасында да наразылары аз болмаған.

«90-шы жылдың басынан бері азық-түлікті, ең бірінші – етті, Күршім фермерлері жеткізіп отыратын, оларда тұрақты кірісі болатын, олар дами алатын, ал қазір барлық тендерлерді Астанада ұтады, сондықтан шекарашыларды адам жеуге жарамайтын қытайлық шошқа етімен тамақтандырып, ал жергілікті фермерлер өз етін сата алмай жүргені», - деді сұхбатшымыз.

Сұхбатшымыз айтқандай, соңғы жылдары Күршім ауданының экономикасы құлдырауда болатын, жергілікті бюджет 88% облыстық бюджеттен дотацияланады, халық көшіп кетіп жатыр.

«Бұл шекара маңы, сондықтан ол мемлекет тарапынан ерекше назарда болуы керек, оның орнына аудандық меморгандар мен ауыл әкімдері – зейнеткерлер, жаңа жұмыс орнын ашу бойынша мембағдарлама жұмыс істемейді, оған енді ұйымдасқан қылмыс та бас көтере бастады», - дейді сұхбатшымыз.

Бұрын хабарланғандай, 14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімшілік орталығында, өз үйінде аудан әкімі Алтайбек Сейітов өлі күйінде табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық өндіріс басталды, облыстық ішкі істер департаментінің тергеу-оператвитік тобы жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/832108-shqo-daghy-kurshim-audany-akimininh-olimi/

pixel