RU

Қазақстандық палуандар Еуропа Кубогында 6 медаль иеленді

25-26 шілде аралығында Прагада жастар арасында өткен Еуропа Кубогы мәресіне жетті. Дзюдодан Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлайды Дзюдо федерациясынан.

Атап айтқанда, Мағжан Шамшадин, Жақсыбек Женісбек алтын алса, Дидар Тәттібай мен Жанар Қашқын күмісті місе тұтты.

Ал Қанат Сейілхан мен Бауыржан Жауынтаев қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, алты медаль ұтқан қазақ спортшылары Бразилия мен Украинадан кейін командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/832160-qazaqstandyq-paluandar-europa-kubog.html