RU

Ғалым Қазақстан аумағының не себепті ұлан-ғайыр екенін түсіндірді

Қазақстан аумағаның ұлан-ғайыр болуы - ірі көшпенді империялардың мұрасы деп санайды тарих ғылымдарының докторы Қанат Өскенбай.

Бұл туралы AlmatyNews-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақтар мен қазақ мемлекеттілігі - бұл екі мыңжылдықтағы көшпенді өркениеттің басты мұрагерлері. Бұл аумақта ұлан-ғайыр көшпенді дала болды. Моңғолия мен Қазақстан - бұл біздің дәуірімізге дейін бірінші мыңжылдықтан бастап көшпенді империялар тіршілік еткен екі кең-байтақ жер", - дейді Өскенбай.

Заманауи Қазақстан жері аумағының кең болуы көшпенді өркениеттің өз жерін кеңітіп отыруға мүдделі болғанымен түсіндіріледі.

"Біздің көршілер ежелден отырықшы халық болатын. Оларға ауқымды жерді пайдалану қажеттігі туындамады. Өзбек немесе тәжік диқаншы-егіншілер үшін үлкен жердің не қажеті бар? Оған өз үйінің қасындағы жер телімін күтіп-баптаса жеткілікті. Ал көшпенділер болса бір орында отыра алмады. Олар өз малдарының тіршілігі үшін үлкен кеңістікті қамтамасыз етіп отырды", - дейді Өскенбай.

Көшпенділер өз жер аумағын кеңейтіп, мезгілдік қоныс пен жайылымдарды пайдаланды. Ұлан-ғайыр жерді өз игілігіне жұмсау - көшпенді өркениеттің басты қажеттілігі болды.

Қазақтар көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығымен айналысып келді. Олар кең дала қажет болғасын, сол үшін талай шайқастарға да түсті.

"Ақ орда, Алтын орда, Моңғол империясы болды. Моңғолдарға дейін Қыпшақ хандығының негізін қалаған қыпшақтар, Қимақ хандығын құрған қимақтар болды. Олардың бәрі - осы жерде өз империяларын құрған қазақ халқының ата-бабалары. Қазақтарға осындай кең-байтақ жердің мұрагері атану құрметі бұйырды. Еліміздің кеңдігі тарихи жағдайлармен тікелей байланысты болғанын тағы да қайталап айтамын. Бұл ұлан-ғайыр жер Қазақ хандығына ежелгі көшпенді өркениеттен қалды", - дейді Өскенбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/832712-ghalym-qazaqstan-aumaghynynh-ne-sebepti.html