RU

Павлодар қаласында 4-ші қабаттағы балконға шығып кеткен бүлдіршін құтқарылды (фото)

 Павлодар қаласында жексенбі күні ата-анасы үйде жалғыз қалдырып кеткен кішкентай бала 4-ші қабаттағы балконға шығып кеткен.

Шынымен жабылмаған ашық балконда кішкентай баланың жүргенін көріп, көршілері «112» телефонына дереу қоңырау шалған.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушы Жігер Рашид бесінші қабаттан түсіп, зәресі ұшқан кішкентай бүлдіршінге құтқару шалмасын тағып, үшінші қабаттағы балконға түсіріп, көршілерінің қолына аман-есен табыстады», деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД-інен.

Дәл осы күні Ақсу қаласында екінші қабаттан үлкендердің қарауынсыз үйде жалғыз қалған екі бала құтқарылды.

«Осы екі жағдайда да балкондар шынымен жабылмаған. Жайсыз оқиғаның болмауына бір жағдайда көршілердің, екінші жағдайда көшеде өтіп бара жақтан адамдардың жанашырлығы септігін тигізді», деп атап өтілген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/832714-pavlodar-qalasynda-4-shi-qabattaghy-balk.html