RU

"АрселорМиттал Теміртау" 1 тамыздан бастап жұмысшылар жалақысын 25% қысқартады

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы  1 тамыздан бастап жұмысшылар жалақысын  25% қысқартуға ниетті.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыс істеуге тура келіп отырған нарықтағы теңдесі жоқ жағдайға байланысты үкіметке, кәсіподақтарға және өзінің жұмысшыларына ағымдағы жылдың 1-ші тамызынан бастап барлық жұмысшыларының жалақысын шамамен 25%-ға қысқартатындығы жөнінде хабарлады", - делінген компанияның хабарламасында.

Кәсіподақ басшыларымен келіссөздер дереу басталады.

"Компания басшылығы мұндай шешім қабылдаудың себебін  үкімет мүшелеріне жеке кездесу барысында түсіндірген болатын", - делінген мәлімдемеде.

«Мұндай жаңалықты хабарлау мен үшін қиын соқты. Алайда, барлық мүдделі тараптарымыздың және компания қызметкерлерінің төмендегі себептерді білгені жөн. Біріншіден – бұл шығынды төмендету. Бүгінгі таңда біздің бизнестің тап болып отырған көптеген проблемаларын ескере отырып, компанияның тұрақты болашағы үшін осы қадам ауадай қажет болып отыр. Екіншіден, біздің ойымызша, жұмыс орындарын қысқартуға қарағанда біздің барып отырған қадамымыз оңтайлырақ нұсқа болып табылады», - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван.

Оның айтуынша, біз өзіміздің металл өндірісі, көмір және руда алу бойынша қызметімізге бірнеше сыртқы фактор әсері салдарынан үлкен шығынға ұшырап отырмыз.

"Біз әсіресе Ресейден Қазақстанға импорт көлемінің артуымен бетпе-бет кездесіп отырмыз, ресейлік бәсекелестердің рубль девальвациясының арқасында баға бойынша артықшылығы бар. 2013 жылы ресейлік өндірушілер Қазақстан нарығына аса қызықпайтын. Алайда рубльдің девальвациясынан кейін жағдай күрт өзгерді. 2014 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Қазақстан нарығына ресейлік импорттың жоғары ағынын бақылап отырмыз", - деп түсіндірді Махадеван.

Ол жалақыны қысқартудан үнемделетін қаражат бизнестің дамуына, компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға салынатын болады деп сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/833309-arselormittal-temirtau-1-tamyzdan-bas.html