RU

ХИК жанкүйерлері "Астананы" мазақ ететін суреттер жариялады

29 шілде күні Финляндия астанасында жергілікті "ХИК" Чемпиондар лигасының іріктеу циклы бойынша "Астананы" қабылдайды деп жазды Nur.kz.

Матч жақындаған уақытта финндер Juttuklubi-ге "Астана" жанкүйерлерін мазақ ететін Бораттың фотосы қойылған суреттерді жариялады.

"ХИК"-тің көптеген жанкүйерлері командаcы астаналықтарды жеңетініне сенімді. Сүйікті клубтарының жеңісін тойлауға қазірден бастап дайындалып жатқан көрінеді.

Еске салсақ, "ХИК"-"Астана" матчі Хельсинкиде Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.  Жауапты ойын бір апатадан кейін Қазақстанда өтетін болады.

Бұған дейін букмекерлер "ХИК" жеңеді деген өз болжамдарын жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/833460-khik-zhankuyerleri-astanany-mazaq-etet.html