RU

Қостанайда адам өміріне қауіпті қауын-қарбыз сатылып жатыр

Қостанайлықтарға адам өміріне қауіпті қауын-қарбыз сатылып жатыр. Жол жиегіндегі жабайы базарлардағы өнімдерде нитраттардың мөлшері шамадан 2 есе асып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қауіпті қоспаны санитар дәрігерлер тексеріс кезінде тапқан. Сауда орындарын аралап шыққан мамандар сатылымға шығарылған жеміс-жидектердің басым бөлігінде химикаттардың мөлшері көп екендігіне көз жеткізді.

Талап бойынша қарбыздың әр келісінде нитрат 60 миллиграмнан аспауы тиіс. Бірақ сөрелердегі өнімде бұл көрсеткіш 100-ден кем емес. Қауындар да химикатқа толып тұр.

СЭС мамандары осындай қауын-қарбыздардың сатылуына тыйым салатын құзіреті жоқ. Сондықтан олар тек химикатқа толы жеміс-жидектен бас тартуға кеңес береді.

"Не істеймін енді?! Алып қойдым, қайтадан өткізетін шығармын. Әйтпесе денсаулық керек. Алданбас үшін қайтадан өткіземін енді. Мұндай нитратты жеуге болмайды. Химикаттар зиян, онсыз да біздің химикаттарымыз жетеді", - дейді Қостанай қаласының тұрғыны Айдархан Жүсіпбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/833887-qostanayda-adam-omirine-qauipti-qauy.html