RU

Үндістанның бұрынғы президенті дүниеден өтті

Үндістанның бұрынғы президенті Абдул Калам 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады үндістандық Hindustan Times газеті.

Үндістан менеджмент институтында дәріс оқып жатқан кезде Каламның жүрек талмасы ұстап қалды. Бұрынғы мемлекет басшысының қазасына орай, елде жеті күндік ұлттық қаралы күн жарияланды.

Абдул Калам 2002-2007 жылдар аралығында Үндістан президенті болды. Ахмадабадта Үндістан менеджменті институтының, үндістандық Индордағы менеджмент институтының шақыртылған профессоры, ғарыш ғылымы мен технологиялары институтының канцлері, Анна университетінде (Ченнаи) аэроғарыш инженериясының профессоры, сондай-ақ Үндістанның көптеген басқа да ғылыми-зерттеу институттарында шақыртылған оқытушы міндеттерін атқарған.

Ол Үндістанның дамуына қатысты стратегиялық көрегенділігімен танылды, әлемде де өзіндік орны бар. «Үндістан-2020» кітабында елді технологиялық үстем державаға айналдыру бағдарламасын ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/833915-undistannynh-burynghy-prezidenti-duni.html