RU

Алматы облысында аудан әкімінің көмекшісі $21 мың пара алып жатқанда қолға түсті

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент қызметкерлері Іле ауданы Өтеген кентінде ауданы әкімінің көмекшісі мен кәсіпкерлік бөлімінің бас маманын пара алып жатқанда ұстады.

Іле ауданы әкімінің көмекшісі М. Жұмағұлов пен аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ф. Ерқожанов «Алматы-Қапшағай» күре жолында сомасы 21 000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан кезде тұтқындалған.

Алматы облысы құқыққорғау органынан хабарлағандай, ақшаны жер учаскесінің мақсатты тағайындауын өзгерту үшін алмақшы болған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот алды тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/834100-almaty-oblysy-ile-audany-akimininh-kom.html